2025 жылдың 21 қазан күні Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебінде Республика күніне арналған *сыныпаралық пікірсайыс сайысы* ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және топпен жұмыс жасауға баулу болды.
🗣️ Пікірсайысқа *9-10 сынып оқушылары* белсенді қатысып, түрлі өзекті тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салды. Командалар қарсы тараптың уәжіне дәлелмен жауап беріп, шешендік қабілеттерін, логика мен аналитикалық ойлау машықтарын көрсетті.
🏆 Турнир соңында төмендегідей номинациялар бойынша оқушылар марапатталды:
— *«Үздік спикер»*
— *«Ең креативті спикер»*
🎉 Бұл сайыс оқушылар үшін жаңа тәжірибе мен шабыт беріп, пікір айту мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң болды.

