Жаңалықтар

Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 5-6 сынып оқушыларынан құралған қыздар командасы аудандық шағын футболдан 3-орынды иеленді.Қыздарымыз алғаш ойнаулары мектеп үшін үлкен жетістік. Жетекшісі: Нұрмағанбетов Мәди Жасұланұлы

Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 23 сәуір «Ұлттық кітап» күніне орай «Жүзден жүйрік» тақырыбында кітап туралы суретті мақал-мәтелдер сайысы өткізілді. «Кітаптың пайдасы» тақырыбында танымдық таныстырылым және «Кітап оқыңыз!» айдарымен кітап бұрышы ұймдастырылып,оқушыларға оқуға қызықты қітаптар тізімі ұсынылды.

12 сынып оқушысы Ерсұлтан Питебай Массачусетс технологиялық институтынан шақыру алды. Қазақстандық оқушы өз арманын қалай жүзеге асырғанын айтып берді. 18 жастағы Ерсұлтанның айтуынша, оның шетелде білім аламын деген арманы сегізінші сыныптан басталған. Физиканы пәніне де қызығушылығы осы кезде арта бастаған. «Бес жылдан бері түрлі олимпиадаларға қатысып келемін. Сегізінші сыныпта алғаш рет республикалық, одан әрі физика […]