Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Аманкелді а.о. Есір ауылында орналасқан.
Мектеп алғаш рет 1962 ж. орыс тілінде оқытатын Сүлікті жеке бастауыш мектебі болып ашылды.
1964 ж. Сүлікті жеке бастауыш мектебі орыс және қазақ тілді аралас мектебі болды.
1972 ж. Сүлікті жеке бастауыш қазақ мектебі болды.
1982 ж. Сүлікті сегізжылдық мектебі болып қайта құрылды.
1994 ж. Н.Мейірманов атындағы орталау мектебі болып құрылды.
1999 ж. Н.Мейірманов атындағы негізгі мектеп болып аталды.
2011 ж. мектеп ғимараты жаңадан ашылып Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі болып қайта құрылды.
Қазіргі таңда мектепте 94 оқушы білім алуда.
Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылында Нұрғали Мейірманұлы 1894 жылы дүниеге келген.
1914-1916 ж. аралығында діни оқу бітірген.
1916-1919 ж. аралығында Ы.Алтынсарин ашқан екі жылдық мұғалімдер даярлайтын Баймұрат атындағы мектепті бітірді, кейін
Торғай қаласындағы төрт жылдық Иманов атындағы мұғалімдерді әзірлейтін қазақ-орысша мектебін бітірген.
Торғай өңірінде Кеңес мемлекеттік орнаған соң Батпаққара табанында Ақсай,Жасбуын, Ағайдар, Үрпек мектептерінде ұстаздық және мектеп меңгерушісі қызметте болды.
1932-1934 ж. аралығында мектеп жанынан 90 балалық интернат ашылып, суармалы егін салып, балаларды аштықтан аман алып қалуға кезңнде өз себебін тигізген ұстаз.
1937 ж. Байғабыл жеті жылдық мектебінде басшылық жұмысқа ауысады, сол жылы жалған айып тағылып ұсталынып,
Ресей мемлекетінің Свердлов облысының Нижний Тагиль қаласында атылған.