Мемлекеттік рәміздер — біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші кейпін білдіреді.
Мемлекеттік рәміздер-ту, елтаңба және әнұран тәуелсіз мемлекет егемендігі мен бостандықтарының көрінісі болып табылады. Тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңде төл рәміздеріміз де дүниеге келді. 1992 жылдың 4 маусымында Елбасы Н.Назарбаевтың қол қоюымен тұңғыш рет еліміздің Туы, Елтаңбасы бекітілді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік Әнұран қабылданды. Арнайы Жарлыққа сәйкес, 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтетін болдық.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз белгілерінің бірі болып саналады.
https://www.instagram.com/reel/DKejWL2IZgq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==